Камчатка жанартауларының атқылануы Интернеттен көрсетілмекші

МӘСКЕУ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Үш камчаткалық жанартаудың, оның ішінде Еуразиядағы әлі сөнбеген ең биік - Ключевский жанартауының атқылануын онлайн тәртібінде бақылауға болады,   

Камчатка жанартауларының атқылануы Интернеттен көрсетілмекші

 деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

«Ключевский, Безымянный және Шивелуч жанартауларын онлайн тәртібінде бақылау үшін мүмкіндігі өте жоғары екі жаңа заманауи камера сатып алынды. Олар тамыз-қыркүйек айларында орнатылғаннан кейін атқыланып жатқан жанартаулардың көріністері интернет желілерінде әр минөт сайын жаңартылып тұратын болады», - деді Ресей ғылым академиясы қиыршығыстық бөлімшесі Жанартауларды зерттеу институтының Ключевский жанартау стансысының бастығы Юрий Демянчук.