Камчаткада адамдарға қауіп төндірген 115 аю атылды

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Камчаткада жаз басталғалы бері адамдарға қауіп төндірген 115 аю атылды.

Камчаткада адамдарға қауіп төндірген 115 аю атылды

Бұл туралы бүгін орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін қорғау агенттігінен ИТАР-ТАСС-қа хабарлады. Онда атап көрсетілгендей, бұрындары бұл сан 40-тан аспайтын.

Аюлар туралы хабарламалар Камчатканың барлық аудандарынан түсе бастаған. Бүгіннің өзінде Петропавловск-Камчатка маңындағы Нагорный кенті мен Мильковский ауданынан осындай хабарлама түскен.

Мамандардың пікірінше, жануарлардың мұндай тосын әрекетке баруларының себебі - олардың ашығуында. Бірқатар аудандарда осы жазда балықтар да кем болды, Сонымен қатар, бұл өңірде аюларға қажетті жеміс-жидек те аз шыққан.

Қазіргі уақытта Камчаткадағы аюлар саны 20 мыңға жуық.