Камчаткада аңшылар дәмхана маңын торауылдаған аюдан атып құтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Камчаткада адам өміріне қауіп төндірген аюды аңшылар атуға мәжбүр болды. Жыртқыш Елизов ауданы саяжай кенттерінің маңындағы дәмханаға шаппақ болған, деп хабарлады ТАСС РФ ТЖМ Камчатка өлкесі бойынша басқармасына сілтеме жасап.

Камчаткада аңшылар дәмхана маңын торауылдаған аюдан атып құтылды

«Аю дәмхана маңын торауылдап ұзақ жүрді. Аңшылар мен полиция қызметкерлері оны атуға мәжбүр болды», - делінген хабарламада.

Камчаткада аюлар елді мекендерді жиі торауылдап жүреді. 2015 жылы адам өміріне қауіп төндірген 53, 2014 жылы - 40, 2013 жылы аңшылар 140 астам аюды атуға мәжбүр болды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қазір онда шамамен 21 мың аю мекендейді.