Камчаткада Ми-2 тікұшағы құлады, екі адам қаза тапқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ми-2 тікұшағының Камчаткада қатты қонуы салдарынан ішінде отырған екі адам - экипаж командирі мен бортинженер қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Ресей авиациасына сілтеме жасап.
Тікұшақтың сынықтары табылды, оқиға орнына Ресей авиациясының құтқару жасақтары келіп жетті.
Агенттіктің әңгімелесушісінің айтуынша, ұшу "G" класымен орындалған, ал оның жоспары алдын ала әуе қозғалысы басқармасына жіберілген.
Аймақтың құқық қорғау органдарынан бұған дейін хабарланғандай, тікұшақтың ішінде 8 адамға дейін болғаны туралы ақпарат расталмады. Қаза тапқан екі адамның мүрдесі алынды.