Камчаткада Шивелуч жанартауы оянды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Камчаткада Шивелуч жанартауы оянып, оның оты мен күлі 9 шақырым биіктікке атқылады, деп хабарлады 24.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бұл маңда елді мекендер жоқ. Дегенмен от аймақ авиациясына қауіпті болып тұр. Осылай деген жергілікті билік саяхатшыларға жанартау маңына жақындауға болмайтынын ескертті.
Шивелуч жанартауы соңғы рет 2009 жылдың көктемінде белсенділік танытқан болатын.