Камчаткада улы қалдықтар сақтайтын полигон салынбақшы
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Камчатка өлкелік Заң шығару жиналысы комитетінің төрағасы Виктор Немченко Камчаткадағы Козельский жанартауына жақын маңда улы химикаттар мен пестицидтерді сақтауға арналған полигон 2010 жылы жазда салынатынын мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 2009 жылдың басынан бастап құрылыстың негізгі көлемі орындалған, 5 миллиардтан астам рубль игерілген. Соңғы даярлық жұмыстары өткен аптаның соңында аяқталған болатын. Ақтық кезеңінде, 2010 жылдың маусымында мердігер-фирма полигонды дымқыл өткізбейтін арнайы үлбіршекпен және топырақ қабатымен жабатын болады.
Немченко жұмыстар аяқталғаннан кейін қауіпті қалдықтар ылғалдан қорғайтын герметикалық жабынның ішінде қалатынын атады. Ол арнайы суағарлармен полигоннан тыс жерлерге кететін болады.