Камчаткада жанартаудан атқылаған күл 7 шақырым биіктікке жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Камчаткадағы Шивелуч жанартауынан атқылаған күл теңіз деңгейінен 7 шақырым биіктікке дейін жетті.
Ресейдің Камчатка өлкесі бойынша ТЖМ хабарлауынша, аспанды торлаған күл аралас қара түтін жанартаудан оңтүстік шығыс бағытқа қарай жайылған. Әзірге елді мекендер күлден аман.
Шивелуч - 5 мың адам тіршілік кешіп жатқан Усть-Камчатка ауданындағы Ключи кентінен небәрі 45 шақырым қашықтықта орналасқан. Түтіндеп жатқан жанартаудың белсенділігі 2009 жылдың мамырынан бастап байқалған еді.