Камчаткада жанартаудың атқылауынан 900 рет жер сiлкiнді
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Камчатка аумағында Кизимен жанартауының атқылауы тәулігіне 900-дей жерасты дүмпуін туғызды,
деп хабарлайды Лента.ру.
Жер серігі түсірілімінің дерегіне сәйкес, жанартаудың атылуынан шлейфтер қазірдің өзінде оңтүстік-шығысқа қарай 60 шақырымға созылуда. Олар теңіз деңгейінен кем дегенде 3000 метр биіктікте жатыр.
Портал хабарлағандай, Кизимен жанартауы 80 жыл үнсіз жатты, алайда өткен жылдың желтоқсанында күтпеген жерден белсенділік танытты.