Камчаткадағы Шивелуч жанартауынан атқылаған күл 8 километрге көтерілуде
АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Камчатканың ең солтүстік жағындағы Шивелуч жанартауынан атқылаған күл 8 километр биіктікке көтерілуде., деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Теңіз деңгейінен 3,3 метр биіктіктегі Шивелуч жанартауының белсенділігі 2009 жылы мамырда күшейе түскен болатын. Жалын атқылау салдарынан оның ұшар басында тереңдігі 30 метрге жуық шұңқыр пайда болды. Жанартау күлінен елді мекендерге қауіп жоқ, бірақ та күл ұшқындары авиацияға қатер төндіріп тұр.
Бұдан басқа Камчаткадағы екі жанартау - Карым және Кизимен кратерлері де оқтын-оқтын күл шашып тұр.