Камчатканы басып қалған қарды тазалау үшін 1,6 мыңнан астам әскери жұмылдырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1,6 мыңнан астам әскери, 10 инженерлік және 25 әскери техника екінші тәулік бойы Камчатканы басып қалған қарды тазалаумен әлек. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Камчатканы басып қалған қарды тазалау үшін 1,6 мыңнан астам әскери жұмылдырылды

Теңіз инженерлік қызмет әскерінің және солтүстік-шығыс күштерінің әскерилерінен құралған топ тәулік бойы Радыгино, Нагорный, Долиновка, Англичанка және Завойко кенттері ауданындағы табиғи апат салдарымен күресуде және Петропавловск-Камчатск пен Вилючинскте кемелер мен сүңгуір кемелердің айлағын тазадауда.

Тынық мұхиттық циклон Камчаткаға 14 ақпанға қараған түні келді. Салдарынан көп мөлшерде қар жауып, жел күшейді.