Кәмелет жасқа толмаған екі бала «Атырау-Астана» жолаушылар пойызына «қастандық» жасамақ болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 мамыр күні сағат 23.13-те «Атырау-Астана» бағытындағы жолаушылар пойызының машинисті темір жол бойында бөгде заттардың орналасуы салдарынан «Майлино-Тобыл» өткелінде пойызды шұғыл тежеген, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

Кәмелет жасқа толмаған екі бала «Атырау-Астана» жолаушылар пойызына «қастандық» жасамақ болған

Анықталып отырғандай, «Майлино-Тобыл» өткелінен 676 шақырым жерде темір жол бойында әрқайсысының ұзындығы бір метрдей темір бетонды үш баған мен ұзындығы бір шақырым жол көрсеткіш жатқаны анықталды.
Көлік полицейлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында кәмелет жасына жетпеген екі жасөспірім анықталып, ұсталды. Олар Лисаковск қаласы Октябрьск ауылының 11 және 16 жастағы тұрғындары. Олардың айтуынша, темір жол бойына бағандарды қойып, пойыздың тоқтайтынын немесе тоқтамасын білгілері келген.
Аталған факт ҚР ҚК 350-бабының 1 тармағы (Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері 400-ден аса шұғыл тежеу фактісі тіркелген, соның ішінде темір жол бойында бөгде адамның болуына байланысты - 247, темір жол бойында жеке меншік малдың жүруіне байланысты - 169, темір жол бойында бөгде заттардың орналасуы салдарынан - 3.