Кәмелетке толмаған сотталушыларды тәртіптік изоляторларға тоғытуға тыйым салу керек - С. Бычкова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәмелетке толмаған сотталушыларды тәртіптік изоляторларға тоғытуға тыйым салу керек. Бүгін Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің кеңейтілген отырысында жаңа редакциядағы Қылмыстық-атқару кодексінің жобасын талқылау барысында депутат Светлана Бычкова осындай пікір білдірді.

Кәмелетке толмаған сотталушыларды тәртіптік изоляторларға тоғытуға тыйым салу керек - С. Бычкова

«Жаңа редакциядағы кодекс жобасының кәмелетке толмағандарды тәртіптік изоляторларға орналастыру туралы нормасы үлкен пікірталас тудырады. Бұл ретте халықаралық құқық аясында «голланд ережесі» аталатын қамау орындарында ұсталатын балаларға қатысты ереже бұзылғалы отыр», - дейді депутат С.Бычкова.

Оның пайымынша, бұл жерде әңгіме негізінен Алматы қаласының арнайы мекемелерінде ұсталатын істі болған жүздеген балаларға қатысты болып табылады.

«Сондықтан да, бізге ең бастысы мәселенің оңтайлы шешімін табу керек. Тоқтала кететін жайт, ағымдағы жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар құқығы жөніндегі комитетіне Қазақстанға қатысты арнайы баяндама даярланатын болады. Ал кәмелетке толмағандары тәртіптік изоляторларда ұстау мәселесі бұған дейін де БҰҰ Азаптауларға қарсы күрес мәселелері жөніндегі негізгі баяндамашысы Манфред Новак тарапынан ескертілген болатын. Сондықтан, бұған назар аударуымыз керек», - дейді С. Бычкова.