«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар туралы конференция өткізілді

нақты уақыт режимінде білім беретін жалпы орта мектеп оқушылары үшін «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбындабір жарым сағаттық интернет-конференция өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты - оқушыларымен тура және кері байланысты қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың және олардың ата-аналарының құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық білімін арттыру болып табылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.
Сонымен қатар бұл ақпараттық құралды ІІМ бастамасымен балалар арасындағы Интернет жүйесінің танымалдығының жоғары деңгейін ескере отырып, балалар мен жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында пайдалану шешімі қабылданды.
Республиканың барлық мектептерінде бірыңғай сабақ жүргізілді, оны өткізу кезінде нақты уақыт режимінде оқушылардың сұрақтарына екі ведомство өкілдері жауап берді.
Интернет-конференцияға барлығы 100 мыңнан астам оқушылардың қатысуымен 2 мыңға жуық оқу орындары қосылды. Жергілікті жерлерде, Интернет-сыныптарда сайтта орналастырылған жауаптарды түсіндіру үшін мектеп инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары және білім беру жүйесінің қызметкерлері, сондай-ақ жекелеген мектептерде ішкі істер және білім беру органдарының өңірлік бөліністерінің басшылары қатысты.
Бір жарым сағат ішінде пайдаланушылардан сайтқа 250-ден аса сұрақ келіп түсті. Байланыс барысында жасөспірімдер қылмысына қарсы күрес, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы, балалардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігі, есірткі бизнесіне қарсы күрес және нашақорлық профилактикасы, ішкі істер органдарының ведомстволық оқу орындарына түсу тәртібі мен ережелері, білім беру органдарының жұмысы, балалар мен жасөспірімдердің құқық бұзғаны үшін ата-аналардың, педагогтардың, кәмелетке толмағандардың және басқалардың жауапкершілігі, сондай-ақ оларға қатысты және басқа да көптеген сұрақтар талқыланды.