Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері талқыланды
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алқа мәжілісінің жұмысына облыстық ішкі істер Департаментінің, Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының, облыстық білім беру басқармасы мен балалар құқығын қорғау департаментінің басшылары қатысты.
Биылғы жылдың жарты жылдығында құқыққорғау органдарының құқықбұзушылықтан сақтандыру шаралары нәтижесінде Маңғыстау облысындағы кәмелетке толмағандар қылмысымен күресу күшейтіліп, осы санаттағы тұлғаларға қылмыстық іс қозғау 35,1 пайызға төмендеп, ал қылмыс жасаушылардың саны 42,4 пайызға азайған.
Осы жылдың 1-ші жарты жылдығында кәмелетке толмағандар 36 аса ауыр және ауыр қылмыстар жасаған.Сонымен қатар, ішкі істер органдары тарапынан кәмелетке толмағандардың конституциялық құқығын бұзу деректері орын алған. Атап айтқанда, ішкі істер органдары ғимараттарының кабинеттерін кезекші прокурор тексерген кезде жасөспірімдерді заңсыз 3 сағаттан аса ұстау деректері анықталған.
Прокуратура тексеру қорытындысымен облыстық ішкі істер органдарына 6 ұсыныс жолдап, оларды қарау нәтижесінде 12 ішкі істер органдары қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Облыстағы 119 жалпы білім беру оқу орындарында 87166 оқушы оқиды, ал мектеп инспекторларының саны барлығы 46, бір инспектордың қарауына орташа 1900 оқушыдан келеді.
Жағымсыз қылмыстық ахуал жиі туындайтын Жаңаөзен қаласында 21419 оқушы оқитын 18 мектепте 11 мектеп инспекторы жұмыс жасайды.
Прокуратура облыстың қалалары мен аудандарында мектеп инспекторлары мен ішкі істер органдары бөлімдерінде кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторлардың қосымша штатын енгізу мәселесін қойды.