Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығында балалар күніне орай мерекелік шара өтті
Бұл ақпаратты Астана қалалық ІІД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі таратып отыр.
«Балалық әлемі» атты театрландырылған көрініс түрінде өрбідіген мерекелік іс-шара барысында түрлі ертегі кейіпкерлердің кейіпіне енген балалар осы орталықтың уақытша қарауындағы бүлдіршіндердің көңілін көтерді. «Көңілді старт», «Қаптағы мысық» сияқты конкурстар ұйымдастырылып, түлкі Алисаның таратқан базарлықтарын бөлісті», делінген баспасөз хабарламасында.
Астана қалалық ІІД кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығының бастығы Қуантай Омарбековтың айтуынша, бүгінде аталған орында 14 бала тәрбиеленуде. Олардың бірқатарының ата-аналары ішкілікке салынса, сонымен қатар үйінен безіп кеткендері де бар.
Балаларды мерекемен құттықтай келген Астана қалалық прокуратурасының өкілдері ата-ананың аялы алақанының жылуын сезінбеген бүлдіршіндерге музыкалық орталық сыйласа, қалалық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен «Динамо» спорттық қоғамдастығының қызметкерлері футболкалар мен жұлдызшалар таратты.