Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылыққа қатысты заң жобасы Мәжіліске жіберілді

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжілісте қаралатын болды.
None
None
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар осындай байламға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыс барысында аталмыш құжат бойынша баяндаманы сенатор Жұмабек Төрегелдинов жасаған болатын. Оның айтуынша, құжат елімізде соңғы уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде жасайтын заңға қайшы әрекеттерінің өсуіне байланысты дайындалған. «Онда балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасына және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған құқықтық шаралар қарастырылған. Құжат мамырдың 21-і күні Сенатта бірінші оқылымда қаралып мақұлданды», деді депутат.Оның сөзіне қарағанда, құжат күшіне енетін болса «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі мен «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу туралы» заңдарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. «Заң жобасымен жұмыс барысында Конституцияның 61-ші бабының 63 тармағына сәйкес, Үкіметке тиісті сауалдар жолдау қажет болды. Осыған орай депутаттар осы сауалдар негізінде құжатқа бірқатар өзгерістер енгізді», деді Ж.Төргелдинов. Заң жобасы екінші оқылымда қаралды және Мәжілістің қарауына жіберілді.
Соңғы жаңалықтар