Кәмелетке толмағандардың еңбек заңдылығының бұзылуына қатысты 300 факті анықталды - ІІМ

Шараның мақсаты - жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандар тарапынан құқықбұзушылықты жою, сонымен қатар ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдерді жұмыспен қамту болып табылады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Акция барысында бос уақыт өткізудің түрлі нысандары ұйымдастырылып, бұған 50 мыңнан астам жасөспірім қатысты. Олардың 9 мыңы ішкі істер органдарында есепте тұрғандар болса, 12 мыңға жуығы тұрмысы төмен отбасылардың балалары.
«Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың еңбек заңдылығының бұзылуына қатысты 300 факті анықталды. Оның ішінде 80 жасөспірім көңіл көтеру орындарында, 25-і көлікте және 174-і ауыл шаруашылығында жұмыс істеген. Анықталған фактілер бойынша жұмыс берушілерге қатысты прокуратура, сонымен қатар еңбек және әлеуметтік қорғау органдарына 200-ден астам ұсыным жіберіледі», - делінген баспасөз хабарламасында.