Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - 18 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтті,
None
None

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ведомствоаралық комиссия Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселесі комиссия жұмысында кеңінен талқыланды.

Ведомствоаалық комиссия отырысына қатысушылар бұл мәселе бойынша кәмелетке толмағандарға психологиялық және медициналық қызмет көрсету, жастар денсаулық сақтау орталықтарын құруды және отбасылық психотерапия жұмысын жандандыруды ұсынды.

Сондай-ақ тағы бір маңызды мәселенің бірі - Бала құқықтары туралы конвенция мен Қазақстан Республикасының заңдары кепілдік беріп отырған балаларды жұмыспен қамту, кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік-демалыс инфрақұрылымын дамыту және балалардың демалу құқығын сақтау мәселесі де сөз болды.

Республиканың қосымша білім беретін 620 ұйымының үйірмелер мен секцияларда балалардың 21,6 пайызы қамтылған. 101 244 кәмелетке толмағандардың бос уақыты 428 аула клубында ұйымдастырылған.

Бүгінгі күні балалардың демалысын ұйымдастыру мәселесі де олардың рухани мәдениетін, жоғары моральдық және азаматтық сапасын дамытуға ықпал етуде.

Ведомствоаалық комиссия отырысына қатысушылар сәбилер үйлерінің қызметін жетілдіру проблемасына да жіті назар аударды. Отырыста қаралған барлық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізіледі. Сонымен қатар орталық және жергілікті атқарушы органдарға Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының, сәбилер үйлерінің қызметтерін жетілдіру, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы және оның алдын алу, қосымша білім беру ұйымдарында балалардың бос уақыттарын өткізуге жағдай жасау туралы нақты ұсыныстар берілді.

Комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Білім және ғылым, Ішкі істер, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Статистика агенттігінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыстық, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Соңғы жаңалықтар