Кәмелетке толмағанға эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылымдарды сатуға тыйым салынатын болды

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкіметтен Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті. Бұл заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу міндеті бүгін Палатаның шығарған қаулысына сәйкес Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне жүктелді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасымен кәмелетке толмағандардың бейнелері бар порнографиялық материалдарды таратқаны, жария көрсеткені немесе жарнамалағаны үшін, сондай-ақ он сегіз жасқа толған адамның порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін кәмелетке толмағандарды орындаушы ретінде тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеуді көздейді.

Сонымен қатар ұрлық, тонау және қорқытып алу жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктелетін жасты 14-тен 16-жасқа дейін ұлғайту қарастырылған.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты соттың кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершіліктен босатуының қосымша негіздемелері белгіленеді.

Кәмелетке толмағанға эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылымдарды сатуға тыйым салуды белгілеу көзделіп отыр.

Кәмелетке толмағандарды ойын бизнесіне, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмысқа, алкоголь не темекі өнімдерін сатуға байланысты жұмысқа қабылдауға тыйым салуды белгілеу көзделеді.

Соңғы жаңалықтар