Кәмелеттік жасқа толмаған қыз Есіл өзеніне батып кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда құтқарушылар Есіл өзенінен кәмелеттік жасқа толмаған қыздың денесін судан шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 қыркүйек күні сағат 07:41-де «102» каналына «Серуен» көпірінің астында Есіл өзенінде адамның батып бара жатқаны туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына дереу полиция жасақтары мен Төтенше жағдай департаментінің апаттық-құтқару қызметі жіберілді.
«Қайтыс болған қыздың денесін судан сүңгуірлер шығарды», - делінген хабарламада.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.