Кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы сексуалды сипаттағы қылмыс үшін сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыға алмайды - И.Меркель

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат Кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы сексуалды сипаттағы қылмыс үшін сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыға алмайды. «КТК» телеарнасы «Халық қызметшісі» бағдарламасының қонағы болған ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай деді.
None
None


«Қазіргі уақытта біз Қылмыстық кодексті әзірлеу аясында кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы сексуалды сипаттағы қылмысы үшін сотталған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатпау шарасын қабылдадық», - деді И.Меркель.

Сонымен қатар ол жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеу алды тексеру мен қылмыстық істі қозғау процедураларының болмайтындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар