Камераны ұрлап кеткен құс бір отар пингвинді түсіріп алды
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Камераны ұрлап кеткен құс бір отар пингвинді түсіріп алды. Зерттеушілер әуеден түсірілген өте сирек кадрларды байқады.
Ғалымдардың жұмыр тас кейпінде жасалған камераның объективі жыртқыш құстың көңілін аударса керек. Алдымен оны тұмсығымен шоқып, сындырмақ болған ол, кейін тіпті биіктіктен құлатып көрген. Соның арқасында пингвиндердің топтасқан отары әуеден түсіріп алынды. Сонымен қатар бұл құрылғы фаунаның өзге де мүшелерін хайуанаттарын қызықтырғанға ұқсайды. Бұл кадрлар BBC One телеарнасының Spy in the Huddle деректі фильмін түсіру кезінде жасалыпты.