Камераны ұрлап кеткен шағала ерекше бейнекөріністер түсірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниялық Сьес аралдарында турист Мартин Лозано шағаланы түсіріп алмақ болған. «Моделін» үркітіп алмау үшін ол құс жүрген тасқа іске қосулы экшн-камерасын қойған.

 Камераны ұрлап кеткен шағала ерекше бейнекөріністер түсірген

Белгісіз затты көрген шағала болса гаджетті шоқып алған да ұшып кеткен. Құс тұмсығында болған камера Атлант мұхитының жағалауымен ұшып өтіп, ондаған метр биіктіктен әсем әрі ерекше кадрларды түсірген. Алайда шаршаған құс тасқа қонған. Осылайша бірнеше селфи жасап үлгерген. Кейін ұрланған техниканы иесіне қайтару үшін қайта ұшып келген көрінеді. Туристке камерасын алып, кейін «шағала түсірген» кадрларды ғаламторға орналастырған.