Камерунда «Боко Харам» содырлары 12 адамды өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигериямен шекаралас Камерунда «Боко Харам» исламшылар тобының содырлары 12 адамды өлтірді, деп хабарлады Agence France-Presse.
Сонымен қатар, содырлар 20-ға жуық жергілікті тұрғынды тұтқынға алғаны атап өтілді.
Бұдан бұрын белгілі болғандай, Бенин, Камерун, Нигер, Нигерия және Чад өкілдері «Боко Харам» өз қызметін жаңа бағытта жандандырғаннан кейін топ содырларына қарсы тұру үшін 8700 әскери қызметші бөлген. Содырлар Нигер аумағында төрт күн ішінде үш шабуыл жасады.