Камерунда тырысқақ ауруынан 200-ден астам адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Камерунның солтүстігінде тырысқақтың пайда болуы 2 айдың ішінде 200-ден астам адамның өмірін қиып кетті. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, індетті барлығы 1500-ден астам адам жұқтырған. Тырысқақтан өлім-жітім 60 пайызды құрауда, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Камерунда тырысқақ ауруынан  200-ден астам адам көз жұмды

Камерунда 22 млн. халықтың үштен бірі ғана таза суды пайдалануда. 2010 жылы тырысқақтан 4 мыңнан астам адам көз жұмған.

Көршілес Нигерияда да індет тіркелген. ИСМА қайырымдылық медициналық ұйымның деректеріне сүйенсек, 16 адам көз жұмып, 700-ден астам адам ауру жұқтырған.

Батыс Африкада тырысқақтың пайда болуы жаңбырлы маусымда орын алады, ол сәуірден қазанға дейін созылады.

Бұдан бұрын БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) Оңтүстік Суданда тырысқақтың таралуы өлім-жітімді көбейтіп жатқаны хабарлаған болатын.

Женевадағы штаб-пәтерден ұйымның деректері бойынша, Джубе елінің астанасы аурудың пайда болғанын ресми хабарлаған, сондай-ақ індет екі штат - Жоғарғы Ніл мен Джонглийде тіркеліп отыр.