Камерунда жарылыс салдарынан 19 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Камерунның солтүстік-шығысындағы кенттің базарында жанкештілер екі жерде өздерін жарып жіберді, одан 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды әлемдік БАҚ.
None
None

Оқиғадан тағы да 70 адам жарақат алған, олардың бірнешеуінің халі ауыр деп бағалануда.

Ассошиэйтед пресс агенттігінің жазуынша, жанкештілер әйелдер болған, олар сауда жасайтындар секілді киінген.

Жарылысты әзірге лаңкестердің ешқайсысы мойнына алмады. Тәртіп сақшылары террактіні өңірдегі «Боко Харам» лаңкестер ұйымы ұйымдастыруы мүмкін деп болжап отыр.

Соңғы жаңалықтар