Камерундық қорғаушы Маки Баньяк «Қайрат» футбол клубынан кетті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Камерундық қорғаушы Маки Баньяк «Қайрат» футбол клубынан шығып, Ресейдің «Пари Нижний Новгород» клубына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 жастағы қорғаушы ресейлік «Пари Нижний Новгород» клубына 2023 жылдың маусым айына дейін жалдау құқығымен көшті. Онда футболшыны сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. «Қайрат» футбол клубы Макиге алдағы мансабында табыс тілейді», - делінеді «Қайрат» ФК таратқан хабарламада.

Ал Баньяк Instagram парақашасында ресейлік клубқа сенім білдіргені үшін алғысын айтып, клубтың дамуына аянбай еңбек ететінін жазды. Сондай-ақ, «Қайрат» футбол клубын «менің отбасым» деп атап, оған да өз алғысын айтты.


Фото: fckairat.com

Соңғы жаңалықтар
telegram