Камиль Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

Камиль Ақатов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Kazinform. 

Камиль Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: primeminister.kz

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін тәмамдаған.

2015-2016 жылдары «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2016-2022 жылдары — «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры.

2022 жылы «Qazinnovations» иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі.