Камил Эстефан: Головкинмен жекпе-жек болады, мәселе - қаражатта
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 26 жастағы канадалық Давид Лемье міндетті түрде WBA (Super) және WBC (Interim) нұсқалары бойынша чемпион қазақстандық Геннадий Головкинмен кездеседі, деп есептейді Лемье менеджері Камил Эстефан.
«Біз ешкімнен қашып жүрген жоқпыз, - деді менеджер. - Головкин, Котто, Канело, біз олардың бәрін нокаутқа түсіргіміз келеді. Егер қаржы мәселесі сәйкесінше шешілсе, Дэвид бұл спортшыларды нокаутқа жібереді», - деді Эстефан.
«Жанкүйерлердің көпшілігі Головкин мен Лемье жекпе-жегін көргісі келеді, - деп қосты менеджер. - Біз мұндай айқасты өткізуге дайынбыз. Қазір біз оның Дэвид үшін барынша пайдалы болуының амалдарын қарастырып жатырмыз».