Камила Керімбаева мен Анна Данилина Almaty Women's халықаралық әйелдер турнирінің жеңімпазы атанды

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық жұп Камила Керімбаева мен Анна Данилина Almaty Women's халықаралық әйелдер турнирінің финалында қазақстандық-чехиялық жұп Залина Хайрудинова мен Никола Франковуды 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Камила Керімбаева мен Анна Данилина Almaty Women's халықаралық әйелдер турнирінің жеңімпазы атанды

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.

Турнир барысында қазақстандық жұп Елеау Немчен мен Александру Гринчишинуды, Әсел Арғынбаева мен Александра Романованы, Анна Смолина мен Елизавета Немчинованы ұтқан болатын.

Сонымен қатар ITF Almaty Women's әйелдер турнирінде жекелей сынға түскен спортшылар арасында финалға шыққан теннисшілердің есімдері белгілі болды.

Бірінші жартылай финалдық матчта қазақстандық З.Хайрудинова қырғыз теннисшісі Бермет Дуванаеваға 3:6, 7:5, 2:6 есебімен, ал еліміздің тағы бір теннисшісі А.Данилина ресейлік А.Артамоноваға 6:1,7:6 есебімен есе жіберген болатын.

Бүгін күндіз Бермет Дуванаева мен Александра Артамонова бас жүлде үшін сайысқа түседі.