Камила Керімбаева Мысырдағы ITF турнирінің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Камила Керімбаева Шарм-Эль-Шейхтегі (Мысыр) ITF турнирінің финалына шықты. Оның сыйлық қоры 10 мың АҚШ долларын құрайды, деп хабарлады ҚР теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Камила Керімбаева Мысырдағы ITF турнирінің финалына шықты

Жартылай финалда Камила тайбэйлік Че- Ю Хсуды 5:7, 6:3, 7:6(2) есебімен жеңді. Турнирдің финалында біздің теннисші ресейлік Анастасия Прибыловамен кездеседі.