Қамысқа жармасқан: Ақмола облысында қайығы аударылған балықшы құтқарылды

балықшы
Фото: pexels.com

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Степногор қаласындағы Ақсу өзенінде қайығы аударылған балықшыға құтқарушылар көмекке келді. 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, балық аулауға барған 54 жастағы балықшының қайығы аударылған. Қамысқа жармасқан ер адамды өзге адамдар көріп, «101» жедел желісіне хабарлаған.

«Шақыру орнына «Степногор подшипник зауыты» АҚ-ның мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің қызметкерлері келіп, балықшыны жағаға алып шықты», - деді ведомстводан.

Ақмола облысы ТЖД дерегінше, өңірдің су айдындарында жылына орта есеппен 30-ға жуық адам қайтыс болады.

Айта кетсек, бұдан бұрын шомылу маусымы басталғалы Ақмола облысында 2 адам суға кеткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар