Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби мансабын аяқтады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби мансабын аяқтады.

Қамшыбек Қоңқабаев
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бұл жөнінде ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлім етті.

Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 

Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылы 18 қараша күні Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін Токио Олимпиадасының қола жүлдегер болса, әлем чемпионатында 2017, 2019 жылдарда екі мәрте күміс медаль иегері атанды. Сондай-ақ 2022 жылы Жазғы Азия ойындарының екінші орын алса, Азия чемпионатында төрт мәрте жүлдегер қатарынан көрінді. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. ел біріншілігінің чемпионы және жүлдегері.

Одан бөлек Қамшыбек кәсіпқой бокста 6 жекпе-жек өткізді. Оның төртеуінде жеңіске жетіп, екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. 

Еске салсақ, Қамшыбек Қоңқабаев соңғы жекпе-жегін Париж олимипиадасы аясында өткізіп, алғашқы жекпе-жегінде испаниялық Аюб Гадфа Дриссиден жеңіліп қалды

Одан кейін қайтадан шаршы алаңнан көрінген жоқ.

Соңғы жаңалықтар