Қамшыбек Қоңқабаев сыралғы қарсыласы Баходир Жалоловтан тағы жеңілді

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

қоңқабаев
Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы аса ауыр салмақта өзінің сыралғы қарсыласы, олимпиада чемпионы, өзбекстандық Баходир Жалоловпен қолғап түйістірді.

Тартысты өткен жекпе-жекте өзбекстандық боксшы 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Азия ойындарында қазақстандық боксшыларға алтын бұйырмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Карина Ибрагимованың Азия ойындарының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан Азиада чемпионы болды.