Қамшыбек Қонқабаев бокстан әлем чемпионатының елшісі атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев бокстан AIBA жастар арасындағы әлем чемпионатының елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.
None
None

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельце қаласында өтеді.

«Мен осы әлем чемпионатының елшісі болғаныма қуаныштымын. Болашақ чемпиондар жас кезден қалыптасады. Сондықтан оларды қолдау аса маңызды. Жастардың финалына қатысып, тартысты жекпе-жектердің куәсі боламын деп ойлаймын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!», - деді Қамшыбек.

Әлем чемпионаты елшісінің функцияларына әлем чемпионатын насихаттау және жарысқа қатысты барлық іс-шараларға қатысу кіреді. Сонымен қатар, спортшы әлем чемпионатына, жас былғары қолғап шеберлерімен кездеседі. Сонымен қатар жарыстың баспасөз конференцияларына қатысады.
Соңғы жаңалықтар