Қамшыбек Қоңқабаев финалда әлемнің екі дүркін чемпионымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гамбургте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында 91келіден жоғары салмақта бәсекелесетін Қамшыбек Қоңқабаев әзербайжандық Магомедрасул Меджидовпен шығатын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Әзербайжандық Магомедрасул Меджидов жартылай финалда австралиялық былғары қолғап шебері Джозеф Гудоллды жеңді. Ендігі кезекте, 91 келіден жоғары салмақта ол қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевпен қолғап түйістіреді. Айта кетерлігі, Магомедрасул Меджидов 2011 және 2013 жылы ауыр салмақта әлем чемпионы атанған.

Ал отандасымыз өз кезегінде камерундық Фоку Арсеннің алдын ораған болатын.

Еске сала кетсек, Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық үш боксшы финалға жолдама алып отыр. Олар - Қайрат Ералиев, Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев. Тағы үш боксшымыз әлем чемпионатының қола медалін иеленді.

ФОТО: sport.kz

Соңғы жаңалықтар