Қан төккендер жауап берсін: Шерзаттың әкесі сотта талап-тілегін айтты
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр.

Сотта жәбірленуші ретінде сөз алған Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов өзінің талап-тілегін айтты.
— Оған (Д.Ысқақ) ешқандай талабым жоқ. Басқасына мен әділетті шешім күтемін. Ешкімге жала жаппаймын, ешкімнің ақшасы керек жоқ. Тек келіп-кетіп жүрген жігіттер, басқа ешкім менің отбасымды мазаламасын. Ал баламның қанын төккендер жауап беруі керек, — деді Қаржаубай Нұрымов.
Бұған дейін ол кикілжің қалай басталғанын айтқан еді.
Сондай-ақ Қаржаубай Нұрымов Шерзаттың қашан жан тапсырғанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі аталды.
Сондай-ақ Нұрқанат Ғайыпбаевтың жанжал барысында қандай жарақат алғаны айтылды.
Прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.
Айыпталушылардың көпшілігі кінәсін мойындаған жоқ.
Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазған едік.
2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды.
Биыл ақпан айында Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған.