Қаржаубай Нұрымов Шерзаттың қашан жан тапсырғанын айтты

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр.

Шерзаттың әкесі
Фото: Видеодан скрин

Бұған дейін Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қайғылы оқиғаға алып келген кикілжің қалай басталғанын баяндады. 

Қаржаубай Нұрымов оқиғаны баяндау барысында жарақат алған Шерзат Полат пен Нұрқанат Ғайыпбаевты қалай емханаға апарғанын еске алды.

— Ажыратқанға, «қой» дегенге ешқайсысы қараған жоқ. Шерзаттың анасы баласын құшақтап, ұрғызбай жатты. Сөйлеп отырған баланы Нұрқияс мылтықпен ұрды. Анасының жылауына, өтінішіне қарамады. Балаға пышақ тыққанын білмедім. Балаға соққы тиді ма деп алдынан қарадым, сөйтсем жауырынына кіріпті. Артынан қан ағып жатыр екен. Нұрқанат та ес-түссіз жатты. Көлікті оталдырып келгенде екеуінде де пульс болды. Оларды өзім көлікке салдым. Ауруханаға апара жатқан кезде көлікті қатты айдағаннан балам орындықтан құлап кетті. Содан тоқтадым. Сөйтсем жаны (Шерзат) шығып кетіпті. Пульс болмай қалды. Өзім реанимация жасадым. Сосын әрі қарай ауруханаға жеткіздім, — деді ол.

— Көліктің ішінде жан тапсырды ма? — деп нақтылады прокурор.

— Мен көлікке салып жатқан кезде жан тапсырып жатты, соңғы демдері, — деді жәбірленуші.

Еске салайық, бұған дейін сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі аталды.

Сондай-ақ Нұрқанат Ғайыпбаевтың жанжал барысында қандай жарақат алғаны айтылды.

Прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады

Айыпталушылардың көпшілігі кінәні мойындаған жоқ.

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазған едік. 

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды

Биыл ақпан айында Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған.

Соңғы жаңалықтар