Канада ӘӘК жойғышының ұшқышы ұшақтың апатқа ұшырауына бірнеше секунд қалғанда катапульта арқылы бір ажалдан қалды
АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат - Канада ӘӘК CF-18 жойғышының ұшқышы ұшақтың апатқа ұшырауына бірнеше секунд қалғанда катапульта арқылы бір ажалдан қалды.
Апат Канаданың Альберта штатында өтіп жатқан халықаралық әуе шоуы кезінде орын алды, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Ұшқыш төменгі биіктікте қалқып жүріп, ұшудың түрлі көріністерін халыққа паш етіп жүрген уақытта, жойғыш бір бүйірге қисайып, өртене бастады. Ұшқыштың тағдырын бірнеше секунд шешті.