Канада Арктикасында терең мұз астынан ерекше көлдер табылды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Ғалымдар Канададағы Арктикалық архипелагтан Күн жүйесіндегі мұз әлемі жөнінде жаңа жаңалықтарға жетелейтін ерекше көл тапты, деп хабарлайды bbc.com.

Канада Арктикасында терең мұз астынан ерекше көлдер табылды

Канададағы Арктикада 500 метр мұз қабатының астынан екі көлшік табылды. Ондағы судың температурасы Цельсия бойынша -10,5 градус. Мұндай температурада су қатпас үшін мұз асты көлі өте тұзды болуы қажет.

«Мен таң қалып тұрмын. Іздегенім мұз асты көлі емес болатын», - дейді зерттеуші Аня Рутишаузер.

Бұл Арктикадан табылған алғашқы көлдер, олардың көлемі шамамен 5-8 шаршы шақырымды құрайды.

«Бұл өзгеше көл, себебі Антарктидадағы 400-ден астам мұзасты көлдерінің суы тұщы. Бұл көлдегі тірі организмдер де ерекше болуы керек», - дейді зерттеушілердің бірі Мартин Сигерт.