Канада астанасында ауаға газ тарап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада астанасының орталығында ауаға газ тарады, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

Төтенше жағдай ұлттық парламенті алдындағы көше маңында болды. Оқиға болған аймақта көліктер мен жаяу жүргіншілер үшін жүруге тыйым салынды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Ауадан газ иісі сезіледі. Бірқатар көшелер жабылып, арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай болған аймақтағы 4 кеңсе ғимаратынан адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар