Канада билігі Иранмен қатынастарын үзеді

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Оттава Ислам республикасының басшылығы әлемдік қауіпсіздікке елеулі қатер төндіріп отыр деп санайды.

Канада билігі Иранмен қатынастарын үзеді

Бұл туралы ресейлік «Эко Москвы» радиосы хабарлады.

Атап айтқанда, олар Батыстың мазасын алып отырған ирандық ядролық бағдарламаны, Тегеранның Израильға қарсы ұстанған қатаң саясатын, сондай-ақ бүгінде оппозициямен соғысып жатқан Сирия президенті Башар Асадқа көмектеспекші ниетін тілге тиек етеді. Канаданың сыртқы істер министрі бұндай жағдайда ел Иранмен қатынастарды одан әрі жалғастырмақ емес деп атап өтті.  Оттава өзінің дипломаттарын Тегераннан кері шақырып алуда, сондай-ақ ирандық дипломатиялық миссия қызметкерлеріне елден кету жөнінде талап қойып отыр.