Канада ДДҰ-ға Эбола безгегіне қарсы мың вакцина беруге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Эбола безгегіне қарсы тәжірибелі сарысуын беруге дайын, деп хабарлады Би-би-си Канаданың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Канада ДДҰ-ға Эбола безгегіне қарсы мың вакцина беруге дайын

Денсаулық сақтау министрі Рона Амброздың айтуына қарағанда, Канада тарапы ДДҰ мамандарына 800-ден 1000-ға дейін вакцина үлгілерін беруге дайын. Сарапшылар Африка елдерінде безгекпен күресуде вакцинаны көбірек шығару үшін кемінде жарты жыл керек деп отыр. Вакцинаны өндіруші америкалықтар әзірге препаратты аз ғана көлемде шығарғанын айтып отыр. Эбола вирусынан Батыс Африкада құрбан болғандары саны мыңнан асты, екі мыңға жуығы осы вирусты жұқтырған.