Канада еліміздің тау-кен саласына инвестиция салуға қызығушылық танытуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ делегациясы Канаданың Торонто қаласында «Prospectors & Developers Association of Canada» (PDAC) жыл сайынғы халықаралық таукен форумына қатысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Диалог алаңы пайдалы қазбалар барлаумен, тау-кен ісімен айналысатын мамандар, компаниялар әрі ұйымдардың кездесуі үшін тұрақты орынға айналды. Биылғы форумның жұмысына әлемнің 100 елінен мыңға жуық шетелдік компаниялар мен 23500 келушілер қатысты. Салаға инвестициялар тарту, сондай-ақ әлемдегі озық компанияларымен байланыстарды жолға қою мақсатында Қазақстан алғаш рет өзінің таныстыру стендін жұртшылық назарына шығарып, «Prospectors & Developers Association of Canada»-ның толыққанды қатысушысына айналды.

«Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов пен ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Ақбатыр Надырбаев Қазақстан атынан форумда өкілдік етті.

«Barrick Gold Corporation» компаниясының басшысы Келвин Душнискимен кездесуде Қазақстандағы геологиялық барлау жобаларын іске асыру бойынша ынтымақтастық мүкіндіктері талқыланды.

«Сіздің компания таяу уақытта «Қазгеология» АҚ әріптестері - Қазақстанның геологиялық барлау саласына инвестиция салушы әлемдегі көшбасшы компаниялар қатарын толықтыруына күш саламыз» - деп атап өтті Ғалым Нұржанов.

Айта кетейік, «Barrick Gold» - канаданың тау-кен өндіруші компаниясы, алтын өндіру саласындағы әлемдегі көшбасшы. Компания АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Перуде, Чилиде, Аргентинада, Папуа-Жаңа Гвинеяда, Сауд Арабиясында, Замбияда және Доминикан Республикасында алтын өндіруді және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Barrick Gold»-ке 20-дан астам кеніш меншігінде тиесілі, оларда күміс пен мыс өндіріледі. Компания, сондай-ақ металдардың платина тобы мен никель өндіру бағытында жұмыс істейді. Компанияның 2016 жылғы айналымы 14,2 млрд.$. деңгейінде жоспарлануда. «Barrick Gold» компаниясының тапсырысы бойынша Канаданың корольдік монета сарайы компания сатып алып, жарнама мақсатында кезең-кезеңімен көрсететін салмағы 100 кг әрі номиналы 1 миллион канада долларын құрайтын (нақты құны 5 млн долларға жуық) алтын монетасын жасап шығарды. 2012 жылғы сәуір - 2013 жылғы сәуір кезеңінде монета Оттава қаласындағы Канада табиғит мұражайында көрмеге қойылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram