Канада генерал-губернаторы Жюли Пайетт Қазақстанға келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада генерал-губернаторы Жюли Пайетт Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«3-5 желтоқсанда Қазақстан-Канада қарым-қатынастар тарихында Канада генерал-губернаторы Жюли Пайетт елімізге алғаш рет келеді. Астанаға жасаған жұмыс сапары барысында ел басшылығымен өтетін кездесулері саяси және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-канадалық ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға тың серпін беруі тиіс», - деді ресми өкіл.

Сондай-ақ оның атап өтуінше, Қазақстанға сапары аясында Жюли Пайетт Канаданың ғарышкері Давид Сен-Жактың Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшу рәсіміне қатысады.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канадаға сапармен 2003 жылы барған болатын. Ал 2016 жылы қыркүйек айында Қытайда өткен «Үлкен жиырмалық» саммитінің алаңында Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесу өткізген еді», - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар
Референдум