Канада Ислам ынтымақтастық ұйымына арнайы елшісін тағайындады
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Канаданың сыртқы істер министрлігі Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) Канаданың арнайы елшісін тағайындағанын мәлімдеді. Бұл ел тарихында алғаш рет болып тұрған жағдай екен.
muslim.kz сайтының жазуынша ИЫҰ-ның бас хатшысы Екмеледдин Ихсаноғлұ (Ekmeleddin Ihsanoglu) елші болып тағайындалған Ариф Лаланиді жаңа қызметімен құттықтап, ісіне сәттілік тіледі.
Профессор Ихсаноғлұның айтуынша, бұл қадам халықаралық қауымдастықтардың мұсылман елдерімен ынтымақтастық орнатуға қызығушылықтары артып келе жатқандығын көрсетеді.
Ихсаноғлұ ИЫҰ хатшылығы атынан Лаланимен тығыз қарым-қатынас орнататынына дайын екенін айтты.
Канада арнайы елшісін тағайындап отырған ИЫҰ-на мүше емес АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия және Франциядан кейінгі бесінші мемлекет.