Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Канада қар құрсауында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың шығысындағы бірнеше аймақ қар құрсауында қалды, деп жазады «Хабар 24».

Канада қар құрсауында қалды

Қарлы боран салдарынан халықаралық әуежайларда әуе рейсі кейінге қалдырылып, жолаушылар діттеген жеріне жете алмады. Сондай-ақ мектепте сабақ тоқтатылды.

Синоптиктердің болжауынша, қалыңдығы 40 сантиметр қар түсіп, сағатына екпіні 100 шақырым жылдамдықпен соғатын жел тұруы мүмкін. Полицейлер тұрғындарға жолға шықпауды ескертті. Өйткені боран салдарынан айнала көрінбей қалған.