Канада мен Австралия Оңтүстік-Шығыс Азияның астық нарығын жаулап алды

Бұл ақпаратты «Қазагромаркетинг» компаниясы www.idk.ru сайтына сілтеме жасап таратты.
Мәселен, соңғы тендерлердің қорытындысына сәйкес, Канада ақпан-наурыз айларында Таиланд пен Индонезияға астық жеткізбек, ал соңғы бір-екі аптаның ішінде австриялық астық Азияның оңтүстік-шығысына жеткізілген.
Канада астық өндірісінің Таиландқа жеткізетін өнімі 45 мың, ал Индонезияға 25 мың тоннаны құрайды. Әр тоннасының орташы бағасы сақтандыру мен жүкті тасымалдау құнын қосқанда 300-310 доллар шамасында. Соңғы уақытта канадалықтар Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына өз өнімдерін шығарып, бірте-бірте американдық экспорттаушыларды ығыстыруда. Протеинге бай Канада астығының бағасы бәсекелестеріне қарағанда біршама төмен.
Австриялық экспортаушылар азиялықтарға премиум сыныпты (APW) және австриялық стандартты (ASW) астықты сатуда. Соңғы аптада жоғарыда аталған сұрыптардың ірі партиясы Малайзия, Индонезия және Вьетнам нарығына жеткізілген. Стандартты астықтың орташа бағасы метрлік тоннасына 245-255 долларды, ал премиум сыныпты астықтың бағасы тоннасына 250-260 долларды құрап отыр.