Канада Ресейдегі елшісін шақыртып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинадағы дағдарысқа байланысты консультация жасау үшін Канада Ресейдегі елшісін шақыртып жатыр.

Канада Ресейдегі елшісін шақыртып жатыр

Сонымен қатар АҚШ-тан кейін Канада да биылғы шілдеде Сочиде өтетін «Үлкен сегіздік» саммитіне дайындық шараларын тоқтата тұрмақ.

Осының алдында АҚШ, Канада және Франция елдері Украинадағы оқиғаларға қатысты өзара іс-қимылдарды үйлестіріп отыратындығын жариялаған еді.

Айта кетейік, жексенбіге қараған түнде Украинадағы ахуалды талқылауға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында елдердің басым бөлігі Қырымға халықаралық байқаушыларды бағыттау бойынша идеяны қолдады.