Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Канада телеарнасында тұңғыш рет хиджап киген ару жаңалықтар жүргізушісі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Панама тумасы Джинелла Масса Канада телеарнасында тұңғыш рет хиджап киіп, жаңалықтар бағдарламасын жүргізетін болды.

Канада телеарнасында тұңғыш рет хиджап киген ару жаңалықтар жүргізушісі атанды

Джиннела CityNews телеарнасында жұмыс істейді, әлеуметтік желіде ол телеарна басшылығына осындай мүмкіндік бергендері үшін алғыс айтты.

«Бүгінгі күн мен үшін ерекше. Мен бұған дейін Канадада хиджап киген әйел жаңалықтар жүргізушісі болды дегенді естімеппін», - деп жазды ол.

Бұған дейін Джиннела осы телеарнада репортёр болып қызмет еткен, сол себепті оны мұндағы орамал таққан тұңғыш корреспондент болды деп те айтуға толық негіз бар.